07.01.2020

Несиені қашан және қандай жағдайларда алу керек?

Несиені қашан және қандай жағдайларда алу керек?

Көптеген банктер өз клиенттеріне несиелеудің бірнеше түрін ұсынады. Ең көп таралғандары: тұтыну несиесі, ипотека және бизнесті дамыту несиесі.

Көптеген банктер өз клиенттеріне несиелеудің бірнеше түрін ұсынады. Ең көп таралғандары: тұтыну несиесі, ипотека және бизнесті дамыту несиесі.

Несие алу мәселесі туындаған кезде адамдардың көзқарастары екі лагерьге бөлінеді. Біріншілері, несие-бұл қаржылық қиындықтарды өте тиімсіз шешу тәсілі және одан да үлкен проблемаларға әкелуі мүмкін деп санайтын болса, ал қалғандары,  несиені өз қаржылық мақсаттарына тез жетуге көмектесетін құрал деп есептейді. Бұл сұраққа толық жауап беру үшін осы қаржы құралының барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру қажет.

Тұтынушылық несие

Тұтынушылық несиені ресімдей отырып, алынған сомадан банкке төлейтін пайыздар туралы ұмытпаңыз. Адамдар несие ресімдеп, өздерін қарыз шұңқырына қууы кеңінен таралған. Ескі несиелер бойынша қарыздарды жабуға тырысып, адамдар жаңаларын алады, осылайша өзінің қаржылық жағдайын қиындатады. Мұндай жағдайлар адамға байланысты емес себептер бойынша да туындауы мүмкін, бірақ көбінесе бұл өз іс-әрекетінің ойланбауынан және қаржылық сауаттылығының жеткіліксіздігінен болады.

Ең алдымен, сізге несиенің қандай нақты мақсаттарға қажет екенін анықтау керек. Тұтынушылық несие-бұл сәнді үйлену той немесе арнайы демалыс сияқты елеулі емес шығындар үшін алынатын қаржыландырудың қымбат нұсқасы болып табылады. Оның орнына қымбат және қажетсіз заттардан бас тартуды үйреніп бастаңыз, сол арқылы өз шығындарыңызды қысқартып, сондай-ақ, өз кірістеріңізді ұлғайту жолдарын қарастырыңыз.

Ипотека

Несиелеудің осы түріне өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылатын адамдар келеді. Бұл жағдайда адам жақын арада өз шаршы метрін сатып ала алады. Бірақ, егер ипотека 10-20 жылға рәсімделсе, онда банкке артық төлеу мүмкіндігі туады. Алайда, ипотека әдетте ұлттық валютада берілетінін,ал теңгенің тұрақты инфляцияға ұшырайтынын да ұмытпау керек. Демек, ұзақ мерзімді перспективада ипотека тұрғын үй мәселесін өте тиімді шешуі мүмкін. Сонымен қатар, үнемі аз емес ақша жұмсап, пәтерді сатып алу мақсатымен оны жинап, жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үшін ипотека ең нашар нұсқа емес.

Бизнесті дамытуға берілетін несие

Несиенің осы түріне әдетте өз бизнесін кеңейтуге және кірістілігін арттыруға ұмтылатын кәсіпкерлер келеді. Егер осы несиені ресімдеуге және пайдалануға сауатты қарайтын болсақ, онда өз бизнесін дамыту және кірістіліктің жаңа деңгейіне шығу үшін пайдалы қаржы құралын алуға болады. Алайда, несиені көмекші құрал ретінде пайдалану керек екенін есте сақтап, тек өз капиталына сүйену керек.

Егер сізде борыштар бойынша қандай да бір жүктеме болып, және де сіз ол борыштарды ісіңіздің табыстылығы арқасында 2-3 жылдан кейін жаба алсаңыз, онда мұндай несиені алуға болады. Бұл несиені сіздің қосымша пайдаңызды арттыру мақсатында қолданылған құрал ретінде қарастыруды ұмытпау керек. Сонымен қатар, пайыздық төлемдердің сіздің табысыңыздың тұрақтылығына әсер етпейтініне сенімді болуыңыз керек.

Қорытындылай келе, егер сіз алған қаражаттың болашақ пайдасына, сондай-ақ, берілген мерзімде толық соманы қайтара алатыныңызға сенім артсаңыз ғана, несиеге жүгінуіңізге кеңес береміз.

Последние статьи
Все статьи