Қазақстанда Visa Everywhere Initiative 2023 (VEI) – ашық инновациялардың жаһандық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, оның барысында стартаптар төлемдер мен коммерция саласындағы болашақтың міндеттерін шешуге арналған өздерінің озық өнімдерін ұсынады. Өтінімдерді қабылдау 14 мамырға дейін сайтында жалғасады.
Ақшалай жүлделермен қатар, VEI жеңімпаздарына Visa әріптестерінің банк, сауда, венчурлық және мемлекеттік салаларындағы кең көлемді желісіне қолжетімділік ұсынылады. Сондай-ақ жеңімпаздарға ең сенімді әрі құнды жаһандық брендтердің бірінен танылуға мүмкіндік беріледі.
Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (CEMEA) өңіріндегі іріктеу финалы 27 шілде күні тікелей эфирде TechCrunch сайтында – технологиялық сала мен стартаптардың экожүйесіне маманданатын жетекші онлайн-басылымда көрсетілетін болады. Конкурстың өңірлік кезеңінде жеңіске жеткен стартап 19 қыркүйек күні Сан-Франциско қаласында (АҚШ) TechCrunch Disrupt конференциясында өткізілетін жаһандық финалға қатысады.
Биылғы жылы конкурста CEMEA өңірінде алғаш рет қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару саласындағы марапат табысталатын болады – Fintechs Innovating in Risk Excellence, немесе FIIRE сыйлығы. Emirates NBD әріптестігімен бірлесе отырып, Visa арнайы номинация аясында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік және несиелік тәуекелдерді басқару сияқты салаларда жаһандық финтех-ойыншыларды іздестіреді. Visa және Emirates NBD өкілдерінің бірлескен бағалауынан кейін жеңімпаз жоба 25 000 АҚШ доллары көлемінде жүлдеге ие болып, өңірдің жетекші банкі – Emirates NBD банкімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
«Visa Everywhere Initiative байқауы – бұл финтех-компанияларға және кәсіпкерлерге төлемдер мен коммерция саласындағы ең жаңашыл әрі тиімді шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін платформа, - деп атап өтті Кристина Дорош, Орталық Азия елдері мен Әзірбайжандағы Visa өңірлік менеджері. — Финтехтердің әлеуеті орасан зор: жоғары технологиялық инновациялық шешімдердің арқасында олар жұмыс істейтін нарықта кең әлеуметтік артықшылықтарды беруге қабілетті, әсіресе дәстүрлі түрде қаржылық қызметтермен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмегендерге қаржылық қызметтерді ұсыну туралы сөз қозғалған жағдайда. Біз Visa компаниясында цифрлық экономикаға қолжетімділік әділ және инклюзивті өсуге жәрдемдеседі деп, ал VEI байқауы бұл бағытта жетекші рөл атқаратын жаңашылдарды қолдаудың маңызды құралы болып табылады деп санаймыз».
2015 жылы VEI байқауы іске қосылған күннен бастап 100-ден аса елдің компаниялары 16 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде қаржыландыру алған, сондай-ақ бүкіл әлемнен 12 000-дай стартаптарды қамтитын комьюнити құрылды. Былтырғы жылы бес өңірден 4 000-нан аса стартаптар қатысқан байқау барысында 530 000-нан астам АҚШ доллары көлемінде жүлде қоры бөлінген болатын. VEI 2022 байқауының жеңімпазы ThriveAgric нигериялық компаниясы 100 000 АҚШ доллары көлеміндегі VEI Global басты жүлдесін, сондай-ақ 20 000 АҚШ доллары көлемінде Visa Direct арнайы жүлдесін алған еді.
VEI кез-келген ауқымдағы және саладағы бизнестер үшін төлемдер мен коммерция саласындағы шешімдерді ұсына отырып, жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін өршіл инноватор-кәсіпкерлерді іздейді, оның ішінде:
Біз қандай жобаларды іздейміз
Цифрлық қызметтерді ұсыну құралдары және цифрлық эмитенттер
Цифрлық эмиссия
Қаржы саласындағы сатушыларға және/немесе тұтынушыларға арналған қосымша функциялар
Шағын және орта бизнесті қалпына келтіру
2023 жылғы жаңа санаттар:
2023 жылғы өңірлік жүлделер
Жаһандық финалдың марапаттары мен ақшалай жүлделері
Абсолютті жеңімпаз да, Visa Direct аталымындағы жеңімпаз да көрермендер көзайымы жүлдесінен үміттене алады.
Қазақстанда қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 14 мамыр.
Visa Everywhere Initiative туралы толығырақ ақпарат біздің сайтымызда қолжетімді.
Фото: rozetked.me