15.10.2019

«7-20-25» дегеніміз не? «7-20-25» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» дегеніміз не? «7-20-25» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» дегеніміз не? «7-20-25» бағдарламасы қалай жұмыс істейді? «7-20-25» бағдарламасы неге тиімді болып табылады?

«7-20-25» дегеніміз не?

«7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама.Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру  аясында әріленді.

«7-20-25» - бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға  қатысушының  өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына  арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

Оператор - «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ  «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.

7-20-25 бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие алуды қалайтындар «Баспана» ипотекалық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Банк-серіктестерге жүгінеді:

  • Банк ЦентрКредит
  • Еуразиялық банк
  • АТФБанк
  • Цеснабанк
  • Банк RBK
  • Қазақстан Халық банкі

Жеке тұлға  «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
  • Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;
  • ипотекалық кредиттерінің болмауы

«7-20-25» бағдарламасы неге тиімді болып табылады?

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несие бойынша төмен пайыздық мөлшерлемесімен 7% - дық ипотекалық бағдарлама, бакстапқы жарна  мөлшері тұрғын үй құнының 20%  мөлшерінде  белгіленеді(Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы  құны 25 млн теңге және басқа өңірлер үшін 15 млн теңге), қарыздың өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды  беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Сондай-ақ, қарыз алушының кепіл мүлігі мен өмірін сақтандыру мiндеттi болып табылмаған жағдайда, сақтандыру қажет болса, барлық шығындарды қарыз берген  банк өзі көтереді.

Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады. Қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің ешқайсысы осындай несие шарттарына ие болған емес.

Қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің ешқайсысы осындай несие шарттарына ие болған емес.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МӘТІНІ

Последние статьи
Все статьи